Президент • 09 Сәуір, 2021

Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында еліміздегі республикалық және жергілікті жолдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты

«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр», деді Президент.

Сондай-ақ Президент Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырды.