Қоғам • 09 Сәуір, 2021

Полиция қызметкері 14 жастағы қызды өлімнен аман алып қалды

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақсы аудандық ПБ кенттік полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі тобының учаскелік полиция инспекторы Данияр Алиханұлы Нұрғамиден 2021 жылдың 8 сәуірінде өзіне тиісті учаскеде кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қызметкері 14 жастағы қызды өлімнен аман алып қалды

Сол күні Жақсы АПБ кезекші бөліміне Перекатное ауылының 28 жастағы тұрғынынан телефон хабарламасы келіп түскен. Әйел оның 32 жастағы әпкесі кәмелетке толмаған қызын ұрып жатқанын айтқан. Кейін куәгерлердің айтуынша, үйде жанжал шығарған әйел қызын мойнынан ұстап, оны тұншықтыра бастайды, сонымен бірге оны және інісін балалар үйіне беретінін айтып қорқытқан.

Жедел-тергеу тобын күтпей, учаскелік инспектор дереу оқиға орнына аттанады. Өтініш беруші көрсеткен мекенжайға келген учаскелік инспектор мас күйінде үйдің иесін - созылмалы маскүнем ретінде есепте тұрған үш баланың анасын тапқан.

Сол кезде әйелдің 11 жасар қызы үйге қарай жүгіріп, учаскелік полиция инспекторға үлкен әпкесі қорада асылып қалғанын хабарлайды.

Іле қораға жүгіріп келген полицей үй иесінің 14 жастағы қызы шатырдың арқалығына асылып тұрғанын көреді және еш ойланбастан қызды көтеріп ілмектен шешіп алады. Қуанышқа орай, жасөспірім есін жоғалтса да, аман қалған. Бұл ретте 11 жасар сіңілісінің дер кезінде ескертіп үлгергенін айта кету керек.

Кейін учаскелік полиция қызметкері жедел жәрдем бригадасын шақырып, болған оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлады.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала аурухана изоляторында және өзін жақсы сезінеді. Профилактикалық есепте тұрған отбасының 14 жастағы қызмен бірге психологтар жұмыс жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше