Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі шамамен сағат 13:50-де Тау-Самал шағынауданындағы тау баурайында қураған ағаштар өртенгенін жазды.
Техникаға тауға көтерілу қиындық туғызғанымен, өрт сөндірушілер беткейге жаяу тәртіппен жоғары көтірілді. Жедел шаралардың арқасында өрт сағат 15:38-де ауыздықталды. Оқиға орнына 4 техника, «Ермак» аспалы өрт сөндіргештері және шанц құралымен жабдықталған 18 қызметкер жұмылдырылды.
Әзірге өрттің таралу қаупі жоқ. Департамент өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарды құрғақ шөпке темекі тұқылын тастамауға және құрғақ өсімдіктерге жақын жерде от жақпауға шақырады.