Елорда • 10 Сәуір, 2021

Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы велосипедпен аралап шығып, абаттандыру жұмыстарының қарқынын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты

«Қаланы санитарлық тазартумен қатар, саябақтар, алаңдар, бульварлар сынды қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырдым. Қоғамдық кеңістіктерді салып, кеңейту жеткіліксіз, оларға тиісті күтім жасау қажет. Көктемнің басталуымен оларды ретке келтіру керек: қардан тазартып, құрғақ бұтақтарды кесіп, шағын сәулет нысандарын ретке келтіру қажет және тағы басқасы.

1

«Қаланы жаяу аралау кезінде бірқатар саябаққа, соның ішінде тұрғындардың өтініші бойынша өткен жылы ашылған «Көктал» (Сарыарқа ауданы) елді мекеніндегі саябаққа және Ботаникалық баққа (Есіл ауданы) бардым», деп жазды А.Көлгінов.
Астана басшысы қаланы аралап шыққан соң аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Бұдан былай, әкімдер жұмыс күнінің басында және аяғында өзіне қарасты ауданды аралап шығатын болады. Сондай-ақ халықпен кері байланыс күшейтіледі.

1

«Сонымен қатар аудан әкімдеріне сапасыз жұмыс істеген мердігерлермен келісімшартты бұзуды, оларды жауапкершілікке тартуды және «қара тізімге« енгізуді тапсырдым. Жұмыстарды орындау кезінде мердігер ұйымдарға жоғары талап қою кәсібилігі төмен мердігерлерден тапсырыс алуға тосқауыл болады. Тек осылай ғана қызмет көрсету сапасын арттыруға болады», деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.
Айтып өтілгендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» мастер-жоспары аясында биыл елорда аудандарын дамыту жалғасады. Мысалы, өткен жылы рекордтық көлемдегі қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар салынды және жөнделді.