Аймақтар • 10 Сәуір, 2021

«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Нұра ауданында еріген қар суының молдығынан «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 104-ші және 122-ші шақырым аралығын су басты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті

Нұра және Осакаров аудандары аумағындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. 122-ші шақырымда қысқа мерзімге жалғасқан су басу жағдайы тоқтатылды. 104-ші шақырымда көлік қозғалысы шектелді. Сигналдық белгілер қойылды.

Су басуды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал «Қайнар – Амантау» аудандық маңызы бар автожолдың 7-ші шақырымында су жолды шайып кеткен. Жергілікті атқарушы органдар кезекшілік ұйымдастырды.

«Нұра ауданында арнасынан асқан Қон өзенінің аумағында Нығман және ішінара Ақтүбек елді мекендері қалып отыр. Қорғаныс шаралары алдын ала жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Ал Нұра ауданының Баршын және Кенжарық ауылдық округтері аумағында мұз кептелісін болдырмау мақсатында Құланөтпес және Жаман-Қон өзендерінің үш учаскесінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны жағдайы облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың бақылауында», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше