Фото: istockphoto.com
Алматы вагон пайдалану депосының директоры жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді. Оның ұсталғаны 9 сәуір күні белгілі болған.
Тергеу мәліметінше, іс күдіктінің 2024–2025 жылдар аралығындағы қызмет кезеңіне қатысты жүргізіліп жатыр. Сот шешімімен ол тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды.
40 млн теңге пара алған: Өскеменде сот алқасының төрағасы ұсталды
«Қазақстан темір жолы компаниясы» тергеу органдарымен толық ынтымақтастық орнатып, қажетті құжаттарды ұсынып жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар депода ішкі тексеру басталды. Компания мамандары ықтимал заң бұзушылықтардың себептері мен оған жол берілуіне әсер еткен жағдайларды анықтап жатыр.
Шымкентте кәсіпкерден 25 млн теңге алған жалған тексеруші ұсталды
Тергеу аяқталғанға дейін компания өкілдері қосымша түсініктеме беруден бас тартты.