Министрліктің мәліметінше, 2 маусым күні Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде штаттан тыс қонған.
Оқиға Жамбыл облысының Талас ауданы аумағында болған. Салдарынан зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ ғимараттар мен инфрақұрылым нысандарына зақым келмеген.
Ведомоство тұрғындар үшін ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта аппарат құлаған аумақты тексеру және себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлағанын хабарлаған болатынбыз.