Аймақтар • Бүгін, 11:47

ҰҚК қызметкерлері Атырау әкімін жұмыс орнынан алып кеткен

1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының әкімі Шакир Кейкин жауап алу үшін құқық қорғау органдарына жеткізілді. Қала әкімін ҰҚК департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері облыс әкімінің ғимаратынан алып кеткен. Кейін ол босатылып, үйіне жіберілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚК қызметкерлері Атырау әкімін жұмыс орнынан алып кеткен

Жергілікті дереккөздердің мәлімдеуінше, әкім қылмыстық іс аясында сұрақтарға жауап берген. Алайда тергеудің мән-жайы мен оның процессуалдық мәртебесі туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы мен Атырау облысы Полиция департаментіне қарасты екі басқарманың жетекшісі қызметінен шеттетілгенін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы жеңілдетілді.

Соңғы жаңалықтар