Фото: istockphoto.com
Куәгерлердің айтуынша, бала москит торымен бірге құлап, үй маңындағы бұталардың арасына түскен. Осыдан соң тұрғындар дереу жедел жәрдем шақырған.
«Науқас шұғыл түрде реанимация бөліміне «полижарақат» диагнозымен жатқызылды. Қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Емдеу жансақтау бөлімінде жалғасып жатыр», деді Екібастұз қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Николай Мартыненко.
Оқиға кезінде баланың анасы басқа бөлмеде болған. Кейіннен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мамандар ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Елімізде күн жылынуына байланысты балалардың терезеден құлау фактілері күрт артқан. ТЖД мәліметінше, былтыр Астанада 14 бала терезеден құлап, көз жұмған.