Футбол • Бүгін, 12:08

Әлем чемпионаты: Сауд Арабиясы жанкүйерлеріне тегін билеттер тарата бастады

1 мин
оқу үшін

ФИФА турниріне көрермен аз келуі мүмкін деген қауіппен Сауд Арабиясы өз жанкүйерлеріне тегін билеттер тарата бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Сауд Арабиясы жанкүйерлеріне тегін билеттер тарата бастады

Фото: fifa.com

Мұндай шешім ФИФА тарапынан турнир матчтарына көрермендердің аз келуі мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты қабылданған. Мұның негізгі себептерінің бірі турнир шығындарының ақталмауы мен АҚШ штаттарының ФИФА-ға қарсы талап-арыздардың жолдануы болып отыр.

Соған қарамастан, кейбір матчтарда, мәселен Сауд Арабиясы құрамасының ойындарында билеттердің бағасы 3 мың долларға дейін жетеді деп күтіліп отыр. Алайда стадиондарда бос орындар қалуы мүмкін деген қауіп те бар.

Әлем чемпионаты: ФИФА Иран құрамасына қатысты шешім қабылдады

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 ұлттық құрама қатысады.

Соңғы жаңалықтар