Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

Шымкентте кәсіпкерден 25 млн теңге алған жалған тексеруші ұсталды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторнинг агенттігі Шымкентте өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған тұлғаның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте кәсіпкерден 25 млн теңге алған жалған тексеруші ұсталды

Анықталғандай, 2025 жылғы қыркүйек айында күдікті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңге иемденген.

Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған

Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Көлік сатамын деп халықты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар