Фото: Видеодан алынған кадр
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Бангкок – Алматы рейсімен келген 20 жастағы шетел азаматы шамамен 11 килограмм болатын гашиш майы салынған ыдыстарды тасымалдаған.
Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған. Оның кінәсі толық дәлелденсе 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Астанада жалдамалы пәтерлерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды
Айта кетейік, жедел бөліністердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері елімізде есірткі контрабандасының 57 дерегі анықталған.