Медицина • 11 Сәуір, 2021

11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні

485 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 1997 жылдан бері аталып өтіледі. Ауруға оны клиникалық тұрғыда анықтаған дәрігер Джеймос Паркинсонның есімі берілген, деп хабарлайды Egemen.kz

11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні

Паркинсон қандай ауру, алдымен соған түсініктеме берейік. Ол – қимыл-қозғалыстың баяулауымен сипатталатын созылмалы ауру. Мидың орталық жүйесіндегі жүйке талшықтарының қызметі бұзылғанда адам осындай кеселге ұшырайды. Бұл ауру көбіне жасы егде тарта бастаған адамдардың арасында жиі кездеседі. Алайда, бүгінде бұл кесел де жасарып барады. Ауруды асқындырмай алдын алмаса, науқастың басқа да ағзалары жансызданып, оның соңы мүгедектікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Оның негізгі белгілерін адам қолының дірілдеуінен, қозғалысының бәсеңдеуінен, тіпті, жүрісінен жаңылып, бөгеліп қалуынан байқауға болады.

Дерт тұқым қуалайды. Кезінде француз неврологы Жан Шарконың көмегімен анықталған аурудың түп-төркінін британдық Паркинсон түбегейлі зерттеген. Оның 1817 жылы жазған «Діріл параличі туралы» эссесі де бар.

Мамандар бұл ауруды сол дәрігердің есімімен атауды жөн көрген. Әлемде бұл ауру жыл өткен сайын көбейіп барады. Мәселен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 2030 жылдарға қарай жер шарында Паркинсон ауруына шалдыққандар саны 5 милионнан 8,7 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Әсіресе, Оңтүстік Шығыс Азия, Латын Америкасы мен Африкада бұл аурумен ауыратындардың саны арта түседі деген болжам жасалуда. Паркинсон ауруы бойынша эпидемиологиялық зерттеу 1969-1971 жылдар аралығында КСРО-ның түрлі аймағында орналасқан 6 қалада жүргізілген екен. Сонда 100 мың тұрғынға шаққанда 63,9 Паркинсон ауруы тіркеліпті.

Кейінгі он жылдағы мәлімет бойынша бұл көрсеткіш 139,9-ға көтерілген. Ал, Қазақстанда күні бүгінге дейін 23 мың науқас тіркелген. Олардың қатарына жыл сайын анықталатын жаңа 1200 науқасты тағы қосыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше