«Оқиға орнына 4 техника мен 13 адам жіберілді. Ас үйдегі жиһаз жанған. Өрт сөндірушілер арнайы баспалдақ арқылы үй иелерін құтқарды. Тұрғын үйден 10 адам эвакуацияланды», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер тұрмыста қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.