Коронавирус • 12 Сәуір, 2021

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте елімізге халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Кеше Қазақстанға Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Шри-Ланка, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді.

4 020 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 010 адам, анықтамасыз 10 Қазақстан азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 600 жолаушы, анықтамамен - 2 590, анықтамасыз - 10;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, барлық 1 074 жолаушы анықтамамен келген;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 346 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 10 сәуірде шетелден анықтамасыз келген 28 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.