Экология • 12 Сәуір, 2021

Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында полицейлер табиғатқа залал келтірудің 31 әкімшілік құқық бұзушылығы мен екі экологиялық қылмысын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды

Облыс аумағында табиғат қорғау заңнамаларын бұзуды анықтау, алдын алу жұмыстарын жандандыру мақсатында арнайы екі мобильдік топ құрылды. Олар облыс аумағына іссапарларға шығып, мүдделі мекеме қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырды. Осы жұмыстар нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін екі қылмыс, 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 200 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Заңсыз балық аулау бойынша екі қылмысты атап өтсек: Оның бірінде Сырдария өзенінде үрмелі қайықпен, заңмен тыйым салынған электр тоғын пайдаланып, балық аулап отырған жерінен екі ер адам ұсталды. Құқық бұзушылардан балық аулауға арналған құралдармен қатар, 94 келіден астам сазан балығы тәркіленді. Сондай-ақ күдікті азаматтар мақтааралдық тұрғындар болып шықты. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Екінші жайтта Шардара су қоймасында ау-тор пайдаланып, темір қайықпен заңсыз балық аулаушылар ұсталды. Олардан айғақты зат ретінде 200 келіге жуық балықтар тәркіленді. Құқық бұзушылар Шардара АПБ-ға жеткізілді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабымен тіркеуге алынды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы заң аясында жауапқа тартылуға әкеп соғатынын еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше