Ұлттық Банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы қолға алған болатын. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жалпы салмағы 1,79 тонна құрайтын 50 200 алтын құйма сатылды.
Алтын құймалардың бес түрі ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске асырылғалы халық арасында ең көп сұранысқа ие болғаны – 10 грамдық құйма.
Жалпы сатылымдағы оның үлесі 30% – 15 184 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма – 10 976 дана (22%) және 100 грамдық құйма – 10 964 дана (22%), 5 грамдық құйма – 7 305 дана (15%), 50 грамдық құйма – 5 771 дана (11%). Негізінен өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.