Қазақстан • 13 Сәуір, 2021

Биыл Меркі-Шу-Бурылбайтал жолы ашылады

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазавтожол» РМК басшысы Айжан Туғанованың айтуынша, қазіргі таңда көпірлер 70 пайызға дайын. Қыркүйек айына қарай олардың құрылысы толығымен аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл Меркі-Шу-Бурылбайтал жолы ашылады

Маусымға дейін үздіксіз жұмыс істеу үшін қажетті құрылыс материалдары жеткілікті.

Құрылысшылар жолдың биыл ашылатынын сендірді. Мұнда жұмысшыларға бөлгіш аралықтарды орнату, жақын маңдағы ауылдар мен мал айдауға арналған өткелдерді салу секілді жұмыстарды қатар атқаруға тура келуде.

«Барлық көпірлер жарықтандырылуы керек, жұмысты жандандырып, құрылысқа жергілікті тұрғындарды көбірек тарту маңызды. Әлеуметтік жауапкершілік туралы да ұмытпай, әлеуметтік мәселелерді шешуде жергілікті халыққа барынша қол ұшын созыңыздар», деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан «Қазсушар» РМК балансындағы Тасөткел шағын бөгеті күрделі жөндеуді талап етеді. 1940 жылдары салынған нысанның тозығы жеткен, көпір бойымен жүретін адамдар мен көліктер үшін қауіпті. Сонымен қатар, екі магистральдық канал осы жерден бастау алады десек, Олар – оң жағалау және сол жағалау каналдары.

ПУИД-2 жобасына келетін болсақ, «NTF Insaat Ticoret Limited Sirketi» түрік компаниясы ирригациялық-дренаж желісін қайта құру шараларын аяқсыз қалдырғандықтан, бүгінде тиісті жұмыстарды жергілікті «ТаразСтройИнвест» ЖШС қолға алған. Жұмыс қызу жүруде, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 1 мамырға дейін Андреевка, Подхоз және Госфонд каналдарын тазарту, қажет жерлерге науалар орнату жұмыстары аяқталуы тиіс. Нәтижесінде Дулат және Балуан Шолақ ауылдық округтерінің тұрғындары алдағы вегетациялық кезеңде суару суымен қамтамасыз етілетін болады.