Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін сағат 14:42 облыс орталығындағы Кенесары көшесі 25 мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде болған.
«Анықталғандай, көппәтерлі тұрғын үйдің ең жоғары 5 қабатындағы пәтердің балконы құлаған. Оқиға орнына ТЖД 3 техникасы мен 14 қызметкері барып, құлаған балконның орнындағы кіріпіш сынықтарын тазалады. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», деді ведомстводан.