Медицина • 13 Сәуір, 2021

75,7 млн адам АИТВ жұқтырды

774 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Халық денсаулығы туралы Кодексте халықтың негізгі топ­тарымен жүргізілетін про­филактикалық жұмыстардың бағыт­­тары кеңейтілді. Бұл – еліміздегі АИТВ-инфекциясын ауыздықтау жолындағы өте маңызды қадамның бірі. Профилактикалық қадамдардың өзектілігі туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дермато­логия және инфекциялық ауру­лар ғылыми орталығы дирек­торының орынбасары Ирина ПЕТРЕНКОМЕН әңгімелескен едік.

75,7 млн адам АИТВ жұқтырды

– АИТВ-инфекциясы – қоғам­дық денсаулық сақтауда негізгі жа­һандық мәселелердің бірі. Мұны ЖИТС жөніндегі Жаһандық статистика да айғақ­тайды. АИТВ эпидемиясы басталғалы бері бұл кеселді 75,7 млн адам жұқтырды. Қа­зіргі уақытта АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың саны 38 млн-ға жетті. Оның ішінде 14 жас­қа дейінгі балалар – 1,8 млн. 2019 жылы АИТВ-ның жаңа жағ­дайларының саны 1,7 млн болды. Қазақстан Үкіметі денсаулық сақтау мәселелеріне, оның ішінде АИТВ инфекциясын қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар ауруларға ерекше назар аударып отыр. Мұны «Қазақстан азаматтарының ден­саулығы, білімі мен әл-ауқаты» атты 2030 стратегиясының ұзақ мерзімді басымдығынан көреміз. Бұл мәселеде Қазақстанның әлеуеті жеткілікті және АИТВ-инфек­циясымен күресте әлемдік қа­уым­­дастық қабыл­даған мақ­сат­ты жоспарлы түрде іс­ке асырып келеді. Қазақстан – АИТВ инфекциясын емдеу толығымен мемлекет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Орталық Азиядағы елдердің бірі.

– Ирина Ивановна, қазіргі кезде АИТВ-ға қатысты қан­дай бағ­дар­ламалар қаржылан­дырылып отыр?

– Мемлекет «зиянды азайту жө­ніндегі бағдарламаларды» қоса ал­ғанда, халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясына тес­тілеу, профилактика бойынша бағдар­ламаларды қаржы­ландырады. АИТВ-ахуалды адамдарды АРТ-емдеуді және диспансерлеуді қам­тамасыз етеді. АИТВ бойынша бағдар­лама­ларды қар­жыландыру соңғы екі жылда ғана 2 есеге артты (2018 жылы – 8 млрд 963 млн 595 теңге, 2020 жылы – 16 млрд 995 млн 012 теңге).

Эпидемияға қарсы бірлескен іс-шараларды жүргізуде ха­лықара­лық және үкіметтік емес ұйымдарды мем­лекеттік қол­дау, көмек көрсету, ха­лықара­лық ұсынымдарды енгізу АИТВ-инфекциясының таралуын шоғырлану сатысында ұстап тұруға мүмкіндік береді (0,27). Профилактиканың, диаг­нос­тиканың, емдеудің және кү­тім­­нің тиімді құралдарына қол­жетім­ділікті кеңейтудің нәти­жесінде АИТВ-инфекциясы созылмалы аурулардың басым терапия сана­тына өтті. Бұл АИТВ-мен өмір сүре­тін адамдарға ұзақ және саламатты өмір сүруге мүмкіндік береді. ДДҰ/ЮНЭЙДС–90-90-90 стра­тегиясын іске асыру шеңбе­рін­де Қазақстанда АИТВ-инфек­ция­­сына тестілеу жүргізуге және оны тиімді емдеуге жаппай қол­же­тім­ділік қамтамасыз етілді. 2020 жыл­­дың қорытындысы бойынша Қа­зақ­станда АИТВ-мен өмір сүретін адам­дардың 83%-ы өз мәртебесін біледі, 73%-ы антиретровирустық терапиямен қамтылған, 84%-ында вирустық жүк­теменің анықталмаған дең­гейі бар.

– Денсаулық туралы жаңа Ко­дексте АИТВ-инфек­ция­сы­ның ал­дын­ алудағы қандай ин­­нова­ция­лар­ды атап өтер едіңіз?

– Әрине, жүргізілетін про­филак­тикалық іс-шаралардың мәртебесі мен маңыздылығын көр­сететін заңна­малық нор­ма­лар­дың маңызы зор. 2020 жылы «Халық денсаулығы және ден­саулық сақтау жүйесі туралы» жаңа Кодекс қабылданды. Кодексте АИТВ-инфекциясы мәселелеріне қа­тысты түрлі нор­малар көрсетілген. Мы­­салы, Кодексте бұрын болмаған жаңа анықтамалар пайда болды: «сенім пункті», «Достық кабинеті», «халықтың негізгі топтары», «қатынасуға дейінгі профилактика», «қатынасудан кейінгі про­филактика», «антиретровирустық тера­пия». Халық үшін де, негізгі топтар үшін де профилактикалық  іс-шара­ларды жүргізу тәртібі құрылым­дық түрде айқындалған. Бұрын ви­рус­қа қарсы терапияны ұсыну про­филактикалық іс-шара болып табы­латындығы туралы халықаралық тәсіл­дерді ескере отырып, емдеу про­филактикалық іс-шаралардың тізі­міне енді. Профилактика бойын­ша іс-шаралар халықтың, оның ішін­де негізгі топтардың арасында АИТВ-инфекциясының таралуына эпидемиологиялық бақылау жүргізу, қатынасуға  дейінгі профи­лак­тиканы ұсыну туралы бөлім­дерімен толықтырылды. Уәкілетті органның, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар­дың және астананың жергілікті өкіл­ді және атқарушы органдарының құ­зыреті үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың ден­саулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асыруды мониторингілеу және бағалау жөніндегі қыз­метпен толықтырылды, бұл үкіметтік емес ұйымдардың негізгі топтармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

– Профилактиканы дамытатын тағы қандай маңызды құ­жаттарды атар едіңіз?

– Профилактикалық іс-шара­ларды жүргізу тәртібі заңға тәуелді актіде әзірленді: Ден­саулық сақ­тау министрінің 2020 жылғы 19 қа­зан­дағы № ДСМ-137/2020 «АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағи­даларын бекіту туралы» бұйрығы. Бұл түбегейлі жаңа құжат, онда про­филактикалық жұмыстың барлық бө­лімдері бойынша негізгі топтармен жұмыс жүргізу әдіснамасы, қағидалары және инди­каторлары көрсетілген. Сенім пункттері мен достық ка­бинеттерін жарақтандыру нормаларының болуы оларды жарақтандыру мәселесін ше­шуге мүмкіндік береді. Бұй­рықта баян­далған нормаларды қолданудың ағым­дағы тәжірибесі профилактикалық қызметтерді тарифтеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігі мәселелері бойынша оны одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Бұл мәсе­лелерді басқалармен қатар іске асыру 2021-2023 жылдарға ар­налған АИТВ саласындағы қыз­меттердің тұрақтылығын қам­тамасыз ету жөніндегі Жол картасы шеңберінде көзделген. АИТВ-ин­фекциясының профи­лактикасы бойынша әлемдік тәжірибе халықтың көптеген топтары арасында және бірінші кезекте негізгі топтар арасында АИТВ-инфекциясының таралу қарқынын азайтуға, ал мем­лекеттік құрылымдардың, аза­маттық сектор мен қоғамдас­тықтардың бірлескен күш-жігері олардың тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Бүгінгі таңда елімізде АИТВ-инфекциясының эпи­демия­лық ахуа­лы қандай?

– Биылғы, яғни 2021 жылғы 1 қаң­тардағы мәліметтерге сәйкес, Қазақ­станда АИТВ-ахуалды 27 498 адам бар. Денсаулық сақ­тауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шең­берін­де антиретровирустық те­рапиямен қамту бойынша ин­дикатордың орындалуы 2020 жыл­дың қорытындысы бойынша 73%-ды, нысаналы индикаторда 71%-ды құрады. Тестілеу көлемі 3 млн-нан астам тестті құрады, тестілеумен қамту 13,7%-ды құрады. Профилактикалық іс-шаралармен барлық негізгі топтар қамтылған (инъекциялық есірткіні пайдаланатын адамдар, секс қызметкерлер, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер). Достық кабинеттерінде – 39 және сенім пункттерінде – 139, сондай-ақ аутич-қызметкерлер үкімет­тік емес қоғамдық ұйымдар арқылы профилактикалық қыз­мет­тер көрсетеді.

 

Әңгімелескен

Айнаш ЕСАЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»