Ауа райы • 14 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Нұр-Сұлтан қаласында болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.