Алдын ала болжамға сенсек, сол сәтте тежегіш істемей қалған. Салдарынан бетон араластырғыш көлік Асқаров көшесіндегі 3А үйде орналасқан дүкенге соғылған. Қала полициясы апат 12 сәуірде сағат 18.30-да болғанын айтқан.
— Howo жүк көлігінің жүргізушісі Асқаров көшесімен батыс бағытта Арық көшесінің қиылысында орналасқан дүкенге соғылды. Жүргізуші дене жарақатын алды, – деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше, бұл факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.