Елорда • 14 Сәуір, 2021

Елордада сегізінші веломаусым басталады

13 рет көрсетілді

15 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады. Сәуір айының соңына дейін пайдаланушыларға 850 велосипед пен 154 велостанция қолжетімді болады, деп хабарлайды Egemen.kz «City Transportation Systems» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа-райының қолайлы болуына байланысты қызметті 15 сәуірде іске қосу туралы шешім қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бір ай бұрын.

Айта кету керек, веложабдықтың іске қосу-жөндеу жұмыстарының үлкен көлемі бір мезгілде барлық 154 велостанцияны іске қосуға мүмкіндік бермейді. Сол себепті бұл жұмыс 3 кезеңде жүргізіледі.

Біріншісінде: Есіл ауданы бойынша 400 велосипед және 62 велостанция іске қосылады. Екіншісінде: 23 сәуірге дейін Сарыарқа, Алматы және Байқоңыр аудандары бойынша қосымша 300 велосипед және 48 велостанция бар. Үшіншісінде: 30 сәуірге дейін.

Велостанциялардың орналасқан жерін www.velobike.kz сайтынан көруге болады. Іске қосылған станциялар көк түспен белгіленеді.

«Қазақстанда алғаш рет велошеринг жүйесі елордамызда іске қосылды. 2014 жылы «Astana Bike» велостанциялар желісінің ашылу рәсімі өтті. Бүгінде велосипед жалдау жүйесі үлкен танымалдылыққа ие. Жыл сайын пайдаланушылар саны артып келеді. Бүгінде бұл 14 мыңнан астам адамды құрайды. Велосипедпен жүруді ұнататындардың саны одан әрі артады деп үміттенеміз. Автокөлік пен қоғамдық көлікке балама ретінде қала тұрғындарына экологиялық таза көліктің осы түрін таңдауға болады. Айта кетейік, велосипедтер мен абонементтерді сатып алу 15 сәуірден сағат 9:00-ден бастап қолжетімді», деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма Төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Сонымен қатар маусым басталғанға дейін 850 велосипедке жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл өз кезегінде велошерингті ыңғайлы пайдалану үшін жеткілікті. Сондай-ақ веломаусым кезінде қалған 228 велосипедті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ал мамыр айының соңына дейін 155-велостанция іске қосылады.

www.velobike.kz сайтында жүйеде онлайн-тіркелу рәсімінен кейін велошеринг қызметін пайдалануға болады. 16 жастан бастап қолдануға рұқсат. Велопрокат абонементтері www.velobike.kz сайтында және City Transportation Systems кассаларында қолжетімді. Велосипедтерді жалға беру жүйесі 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Тарифтер өзгеріссіз:

Стандартты абонементтер:

- айлық абонемент - 2 500 теңге;

- тоқсандық абонемент - 6 000 теңге;

- маусымдық абонемент - 10 000 теңге.

Жеңілдікті абонементтер:

- тоқсандық абонемент - 3 000 теңге;

- маусымдық абонемент - 5 000 теңге.

50% жеңілдік растайтын құжаттарды ұсынылған жағдайда беріледі және тек тоқсандық және маусымдық абонементтерге қолданылады:

- студенттер;

- зейнеткерлер;

- ерекше қажеттіліктері бар адамдар (3-топ);

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;

- Ауған соғысы ардагерлері;

- көп балалы аналар;

- көп балалы отбасылар;

- ерекше қажеттіліктері бар балалар, оның ішінде ата-аналардың (заңды өкілдердің) біреуіне;

- барлық топтағы мүгедектер.

Стандартты немесе жеңілдікті абонементтерден басқа пайдаланушының шотында 500 теңге болуы тиіс. Егер ақша таусылса, велосипед экранында «қате» шығады.

30 минутқа дейін велосипедті шектеусіз пайдалануға болады, бастысы - стандартты абонемент сатып алу.

30 минуттан артық жол жүру құны жалға алу уақытына қарай төлем бөлігін есепке ала отырып есептеледі:

– 0-ден 30 минутқа дейін - абонемент құнына қосылған;

– 31-ден 60-қа дейін - 100 теңге;

- 61-ден 120-ға дейін - 250 теңге;

- 121-ден 180-ге дейін - 500 теңге;

- 181-ден бастап және әр келесі сағатқа - 1 000 теңге.

Тәуліктік абонементтер:

- 1 тәуліктік абонемент - 3 500 теңге;

- 3 тәуліктік абонемент - 9 000 теңге;

- 7 тәуліктік абонемент - 17 500 теңге.

Тәуліктік абонементтер елорда қонақтары мен шетелдік туристерге арналады. Тәуліктік абонементтерге қол жеткізу үшін www.velobike.kz сайтында тіркелу қажет, жеке кабинетте банктік картаның көмегімен абоненттік төлем жасалады. Сондай-ақ депозиттік кепіл енгізіледі – 37 500 теңге. Депозит - велосипедті станцияға қайтарудың кепілі. Жалдау аяқталғаннан кейін нақты жүру сомасы есептен шығарылады және балансты шегеруді ескере отырып, кепілді онлайн-қайтару жүзеге асырылады.

Пайдаланушылар қалалық веложалдау бойынша Нұр-Сұлтан қаласының iKOMEK-109 бірыңғай байланыс орталығы қоңырау шалу арқылы кеңес ала алады.

Соңғы жаңалықтар

Бір шаңырақтан – үш майдангер

Руханият • Бүгін, 14:00

Қазақ дегеніміз – Бауыржан...

Руханият • Бүгін, 09:45

505-ші түрменің тұтқындары

Тарих • Бүгін, 09:15

Амманға аттанды

Спорт • Кеше

Ұқсас жаңалықтар