Сақтаған Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің маманы лауазымынан бастады, онда 2009 жылға дейін жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында жұмыс істеді. Сондай-ақ әр жылдары Nur Otan партиясының орталық және қалалық филиалында түрлі лауазымдарда, оның ішінде Nur Otan партиясы Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Сақтаған Сәдуақасов меритократия қағидатына сәйкес маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі жолдан өтті. Nur Otan партиясы елордалық филиалының төрағасы, елорда әкімі Алтай Көлгінов Сақтаған Садуақасовтың алдына партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын табысты іске асыру бойынша бірқатар міндет қойды.
Бағдарламаға 13 негізгі басым бағыт кірді: жеңілдікті қолжетімді тұрғын үй, оқу орындары, медициналық орталықтар салу, газдандыруды жүргізу, тұрғын үй алаптарын, жол-инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ШОБ-ты қолдау және т.б.