Руханият • 15 Сәуір, 2021

Түркістанға 3000 жыл

654 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік ғалымдар мен археологтардың қатысуымен «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанға 3000 жыл

Тарихы терең Түркістан қаласына 3000 жыл болғандығын тарихи деректер арқылы жұртшылыққа жеткізуді мақсат еткен жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі және Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев Түркістанның 1500 жылдығын атап өткен кездегі мәліметтер кеңестік дәуір деректері екенін айтып өтті.

«Ол кезде Қазақстанның тәуелсіздігінің барлық жылдарында жүргізілген іргелі зерттеулер болған жоқ. Ежелгі Түркістанның урбанизациясының өзіндік терең тарихы бар. Демек, біздің дәуірімізге дейінгі XV ғасырда тайпалар осы территорияда өмір сүрген. Түркістан аумағындағы археологиялық кешендерді зерттей отырып, біз екі ежелгі қорымдарды ашамыз. Мұнда табылған жерлеулер мен атрибуттар біздің дәуірімізге дейінгі XV ғасырға жататыны сөзсіз. Бұл жәдігерлер мұнда өмір сүрген тайпалар мәйіттерді осында жерлегенін және осы қаланың аумағында өмір сүргенін көрсетеді», деді Бауыржан Байтанаев.

Кездесуде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, университет ректоры Жанар Темірбекова, Дүниежүзілік мұра ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Воякин, З.Буниятов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары, академик Шайм Мұстафаев, антропология департаментінің профессоры, Louis Вашингтон университеті Майкл Фрачетти, археолог, ғылым докторы, археология институтының директоры, Татарстан Республикасы Халикова Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Айрат Сидиков, археолог, тарих ғылымдарының докторы, Германия археологиялық институтының корреспондент мүшесі Виктор Зайберт сынды ғалымдар да пікір білдіріп, ежелгі қаланы әлі де зерттеп зерделей түсу керектігін жеткізді.

Кездесу соңында университет басшысы ғалымдарға оқу орны атынан «Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері» атты даналық кітапты және «Президент Назарбаев» қызғалдағының гүл шоқтарын тарту етті.