Экология • 15 Сәуір, 2021

Бүгін – экологиялық білім күні

911 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін – экологиялық білім күні. Оның маңызы туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өз Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін – экологиялық білім күні

«Бүгін көптеген елде Экологиялық білім күні аталып өтуде. Бұл өте маңызды күн деп есептеймін. Қоршаған ортаға, экологияға қатынасымыз білім мен тәрбиеге тікелей байланысты. Алдымызда қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беруді жетілдіріп, ғаламшарымыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Ағартушылық жұмыс азаматтарымыздың, өскелең ұрпақтың жауапкершілігін күшейтіп, актуалды экологиялық проблемаларға назар аударуға мүмкіндік береді», деп жазды М. Мырзағалиев.

Ведомство басшысы экологияны жақсарту бағытындағы жұмыстар мен шаралар туралы халықты ақпараттандырып отырудың маңызы туралы да атап өтті.

«Бүгінде елімізде экология мәселелерін шешу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, төменкөміртекті даму Тұжырымдамасы дайындалуда, Ұлттық парктерде экологиялық туризмді дамыту Тұжырымдамалары әзірленді, өңірлердегі экологиялық мәселелерді шешуге негізделген Жол карталары жұмыс істеп тұр. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы азаматтарымызды ақпараттандыру да өте маңызды, себебі жоспарларымызды біз қоғамның қатысуынсыз сәтті жүзеге асыра алмаймыз», деді министр.