Аймақтар • Бүгін, 09:37

Шыңғыстаудың шежірелі тастары

1 мин
оқу үшін

Жуырда Шыңғыстауға шығып қайтқанбыз. Мынау таңбалы тас­тарды Абай атамыздың досы әрі замандасы Жиреншенің қыстауы орналасқан Қоңыраутас маңынан кезіктірдік.

Шыңғыстаудың шежірелі тастары

Шыңғыстау – қазақ руха­ния­тының ғана емес, көне өркениеттің де ізі мол сақ­талған сакралды кеңістік. Бұл өңірдің тау-тасында қола дәуірінен бастап ерте темір, ғұн, сақ, түркі кезеңдеріне дейінгі петроглифтер көптеп кездеседі. Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған киелі тау тасқа қашалған тарихымен де құнды болса керек.

Бұл мәңгітастар – ежелгі адамдардың дүниетанымын, ғұрыптық наным-сенімін бейнелейтін поэзия тәрізді. Ал академик Қаныш Сәтбаев: «Таңбалы тастар – қазақ халқының ең алғашқы мемлекеті қалыптасқан кезеңнен жеткен, тасқа түскен дала конституциясы», депті.

Бельгиялық археолог, петроглиф зерттеуші Деом Жан-Марк бұл бейнелерге қатысты: «Жоғарғы бөлігінде бұғы бейнеленген, төменгі жағында – күн басты адамның сызбалық (сызықтық) бейнесі көрсетілген. Бұл қола дәуіріне тән жәдігерлер болса керек», дейді.

Күнбасты Тәңір, мүйізді пырақ, аяғы көкке қараған жылқы арғы дүниемен байланысты десе, тауешкі төре таңба екені түсінікті.

 

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыстаудың шежірелі тастары

Аймақтар • Бүгін, 09:37