Экономика • 16 Сәуір, 2021

Жел генераторының жемісін көретін күн жақын ба?

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Көкшетау тауының сі­лем­дерінен Айыртау, Имантау сияқты төбелері көп аудан аумағында жел генераторлары 2021 жылдан бас­тап электр қуатын бере бастайтыны туралы облыс әкімі Құмар Ақ­сақалов екі жыл бұрын жариялаған болатын.

Жел генераторының жемісін көретін күн жақын ба?

Бұл іске Energo Trust ЖШС инвестор болатыны, 25 генератор орнататыны туралы да нақты айтылған.

Алайда 2021 жыл бастал­ғанына төрт айға аяқ бас­қаны­мен әлі күнге генера­тор­дың жобалық-сметалық құжат­тары (ЖСҚ) жасалмаған, тіпті жер учаскесі де нақты бел­гі­лен­беген. Әрине, оның себебі көп, соның ішінде жаман індет­тің кесірі де тигені анық.

Ал жуырда «Қызылжар – Адалдық алаңында» осы жоба бойынша жұмыстар жандана бастағаны белгілі болды. Бірақ электр қуатын өндіру екі жылға шегеріліп, 2023 жылға қалдырылыпты. Соңы сәтті болса оған да көнуге болады...

Егер бұл жоба толығымен іске асып кетсе жылына 50 мегаватт электр қуатын өндірмек. Салыстыру үшін айтар болсақ, қазір Айыртау ауданы бар болғаны 6-7 МВт электр қуатын жұмсайды екен. Қалғанын сатылымға шығарса облыс экономикасының қуаттылығы да арта түсер еді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы