Қазақстан • 16 Сәуір, 2021

Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі

467 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттары мен пилотсыз әуе жүйелер мәселелері бойынша өзгерістер енгізу мақсатында жұмыс жүргізуде.

Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі

Ұсынылып отырған түзетулер ҚР әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын пилотсыз әуе жүйелерді (бұдан әрі – ПӘЖ) жобалауға және дайындауға қойылатын талаптарды қосымша белгілеу мақсатында ҚР әуе кеңістігінде пилотсыз әуе жүйелерді пайдалану қағидаларына ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ, құрылымы, өндірісі және техникалық қызмет көрсетуі сертификатталатын ПӘЖ типтері, белгіленген санаттағы пилотсыз әуе кемелерінің ұшу сақтауға қойылатын талаптарды, пайдаланылатын жиілік диапазоны, берілетін ақпарат құрамы бөлігінде қашықтықтан сәйкестендіру жүйелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы жүйе орнатуға міндетті пилотсыз ұшу аппараттарының санаттарын, максималды ұшу салмағы 30 кг жоғары операторлар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне қойылатын талаптарды енгізу анықталады. Сонымен қатар, ұшқышсыз әуе кемесін сертификаттауға қосымша операторды сертификаттау және сыртқы ұшқыштарды лицензиялау бөлігінде дәстүрлі басқарылатын әуе кемелері үшін талаптарды белгілей отырып, «сертификатталған» санаттағы операциялардың жаңа санатын енгізу жоспарлануда, сондай-ақ пайдаланушы/ПӘЖ операторының сертификатын беруге қойылатын талаптар (салмағы, орындалатын жұмыстар немесе ұшу типі бойынша пайдаланушы сертификатының аналогы) айқындалды.  

Бұдан басқа, Заңға түзетулер қабылдау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына, атап айтқанда пилотсыз әуе кемелерінің ұшуын шектеу аймақтарын, сондай-ақ осы аймақтар үшін пайдалану жағдайларын әзірлеу, келісу және белгілеу тәртібіне өзгерістер енгізуді талап етеді.

Заңнамалық түзетулерді енгізу максималды ұшу салмағы 30 кг-нан асатын пилотсыз әуе кемелерін ПӘК мемлекеттік тізілімінде тіркеу және есепке қою туралы куәлікті берусіз есепке алу және хабарлама негізіне ауыстыру тәртібін өзгерте отырып, максималды ұшу салмағы 30 кг және одан кем болатын пилотсыз әуе кемелерін тіркеу бөлігінде өзгерістер енгізуді талап етеді. Ұсынылатын жаңалықтар озық елдердің тәжірибесін, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере отырып әзірленді.

Заңға түзетулерді қабылдау ағымдағы жылдың соңына дейін үш ай ішінде нормативтік құқықтық актілерге енгізілуімен жоспарланған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидалары бекітілген болатын. Пилотсыз ұшақтарды пайдалану мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органда тіркелетін пилотсыз ұшу аппараттарын қоспағанда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.  

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі пилотсыз ұшақтарды есепке алуды Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес жүргізеді. Максималды ұшу салмағы 1,5 кг-нан асатын пилотсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ максималды ұшу салмағы 0,25 кг-нан жоғары «ерекше» санаттағы операцияларды орындайтын пилотсыз ұшу аппараттары тіркеуге жатады.

Бүгінгі күні Қазақстанда 279 пилотсыз ұшу аппараттары тіркелген.