Президент • 18 Сәуір, 2021

Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының халыққа жолдауында айтылған оқу орындарын тексеру тапсырмасы орындалды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды

«Былтыр мен дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын білім мекемелерін жабуды тапсырған болатынмын. Білім беруді табысты бизнеске айналдырған ықпалды адамдардың қарсылығынан бұл жұмыс баяу жүріп жатыр. Бірақ проблеманы шешу керек», деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында.

Берік Уәлидің айтуынша, 2020 жылы 38 ЖОО-ға профилактикалық тексеру жүргізілген. 14 ЖОО-да жұмысқа орналастыру көрсеткіштері талап етілетін нормативтен төмен болған.

Ал 2021 жылы 42 жоғары оқу орнына алдын ала бақылау жүргізу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 53 мыңға жуық студент білім алатын 7 ЖОО жабылған. ЖОО оқытушылары жұмыспен қамтылып, студенттер басқа жоғары білім беру мекемелеріне ауыстырылған.

Сонымен бірге, үш оқу орны бас лицензиясынан айырылған.

Олар:

- 35 мыңға жуық студенті бар Аймақтық әлеуметтік-инновация университеті.

- 5 мыңнан астам студенті бар М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы.

- Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ЖОО аталған шешімге шағымданды, қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр).

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50