Жуырда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытын, яғни «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бағытын түсіндіру және насихаттау мақсатында Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарынан Шымкент қаласына арнайы делегация келді.

Соның ішінде Павлодар облысы Екібастұз қаласының, Солтүстік Қазақстан облысы Ш.Уәлиханов, Жамбыл аудандары мен Қостанай облысы Денисов ауданының өкілдері Шымкенттегі «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығында көпбалалы аналармен және аз қамтамасыз етілген отбасылардың мүшелерімен кездесіп, солтүстік өңірлерге қоныс аударған жағдайда көрсетілетін қолдау шараларымен таныстырды.
Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің меңгерушісі Меруерт Есенбаева: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғалы 4 жылдың ішінде Павлодар облысына оңтүстіктен 7 мыңнан астам азамат көшіп келді. Кез келгендеріңіз біздің өңірге қоныс аудара аласыздар. Әсіресе, көпбалалы отбасыларды біз құшақ жая қарсы алып, барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Ол үшін отбасының ең болмағанда бір мүшесінің мамандығы болса жеткілікті. Ол міндетті түрде жоғары немесе арнайы орта оқу орны емес, кәсіптік бағытта, жұмысшы мамандықтар болса да жарай береді. Содан кейінгі керегі – жұмыс істеймін, өз өмірімді жақсы жаққа өзгертемін деген ниет қана. Өткен жылы Павлодар облысы Екібастұз қаласында «Нұрлы Ертіс» атты жаңа шағынаудан салынды. Оған Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеп жүрген 300-ге жуық отбасы, шамамен 1500 адам көшіп барды. Олардың барлығы түбі осы оңтүстіктің тұрғындары болған. Елордаға жұмыс пен жайлы өмір іздеп барғанымен, баспана ала алмай, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген. Олардың алғашқылары Нұр-Сұлтан қаласына көшіп барғанына 15 жыл болған екен. Екібастұздан тегін баспана мен тұрақты жұмыс ұсынылғанда олар қуана келісті. Осындай жаңа үйлер біздің облыста биыл да салынады», деді.
Керекуден келген маманның айтуынша, қоныс аударушыларға бір реттік материалдық көмек беріледі. Бұл қаржы көші-қон шығындарын өтеу үшін қажет. Оның мөлшері – отбасының әрбір мүшесіне 205 мың теңгедей. Бұған қоса, көшіп барған кезде отбасының еңбекке қабілетті әр мүшесі жұмыспен қамтылады. Мамандардың айтуынша, егер сіз таңдаған елді мекенде бірден қоныстанатын бос үй болмаған жағдайда 1 жылға дейін мемлекет баспананы жалға алу шығындарын өтеп отырады. Осы мерзім аралығында қоныс аударушылардың баспана мәселесі шешімін табады.
«Қоныс аударушыларға медицина қызметкері (дәрігер, фельдшер, акушер, медбике), мұғалім, аспаз, бухгалтер, жүргізуші, тракторшы, механизатор, газ-электр дәнекерлеуші, инженер, ветеринар, монтажшы, жаттықтырушы және өзге де бос жұмыс орындары бар. Ал «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларының, сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі «zansoc.kostanay.gov.kz» сайтында орналастырылады және ол ай сайын жаңартылып отырады», деді Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Кәкімжан.
Ал Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жұмыспен қамту орталығының директоры Зәуреш Мұсабаеваның айтуынша, Қызылжар өңіріне 2016 жылдан бастап қоныс аударушыларды қабылдау квотасына 6 765 адам (2 045 отбасы) енгізілген. Оның ішінде Шымкент қаласынан 174 отбасы (558 адам), ал Түркістан облысынан 698 отбасы (2 235 адам) көшіп барған. Қоныс аударған барлық отбасы мемлекеттен төлем алып, тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Яғни 741 отбасы жалға алу құқығын пайдаланса, 859 отбасы тұрғын үйдің қайталама нарығынан баспана сатып алған. 445 отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Бұл ретте бағдарлама аясында қоныс аударушылар үшін қанатқақты режімде 2019 жылдан бастап 1 022 тұрғын үй салынса, осы жылы 714 баспана салу жоспарланған.
Кездесу барысында делегация мүшелері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныс аударушыларға барлық мүмкіндік қарастырылып отырғанын айрықша атап өтті. Ал солтүстік өңірлерге көшіп барған азаматтар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, бағдарламаның маңыздылығына тоқталды.
Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылы қоныс аударушы отбасылардың әр мүшесіне берілетін субсидия көлемі екі есеге көбейген. Бұған дейін әр адамға 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы берілсе, енді қоныс аударушылар 70 АЕК (204 190 теңге) субсидия алады.
ШЫМКЕНТ
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар