
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген даналықты мықтап ұстанған халықпыз. Сондықтан өзіміз өмір сүрген мекенге жас шыбық отырғызу, оны баптап өсіру, болашақ ұрпаққа, өзімізге және табиғат - анаға жасаған үлкен сыйымыз. Бүгін отырғызған ағаштардың жемісін ертең ел-жұрт ауыз тисе біздің мақсатымыздың орындалғаны», дейді мекеме директоры Мұхтар Дүйсембеков.