Аймақтар • 19 Сәуір, 2021

Петропавлда түн жамылған тонаушылар ізі суымай ұсталды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл көшелерімен түнде келе жатқан екі бозбала танымайтын екі адамның өздеріне күш көрсетіп, «Samsung S8» маркалы қалтафондарын тартып алғанын айтып, полицияға шағымданған. Келтірілген шығын 60 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда түн жамылған тонаушылар ізі суымай ұсталды

Шабуыл жасағандардың сөзбен суреттелген кескін-кейпі сол түні полицияның барлық сыртқы қызметтеріне жолданады. Құрамында ПБ ППБ қызметкерлері Диас Жаров пен Талғат Іңкәров, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторы Ринат Омаров болған экипаж бағдарды қабылдағаннан кейін, өздерінің оқиға болған жерге жақын маңда жүргендерін түсінген.

Тонаушы екеудің аулалар мен көшелердің арасы арқылы қашып кету қаупі жоғары болатын. Алайда полицейлер екеудің алдынан тосуды көздеген. Түйсік алдамапты, ұзамай сыртқы сипаты бойынша қарақшыларға ұқсас екі адам байқалады. Олар полицейлердің өздерін тоқтатуын шабуылмен байланысты екендігін де бірден түсінбейді, өйткені қылмыс жасалған сәттен бері 10 минутқа жақын ғана уақыт өткен.

Ұсталғандар – бұрын сотталған 29 бен 24 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Екеуінің үстінен Қылмыстық кодекст «Тонау» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Олардың бірінің қалтасынан тонаудың дерегі – қалтафон алынды. Қазір тонаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.