27 Сәуір, 2010

ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҚ БАЛАЛАР “БАЛДӘУРЕНДЕ” ДЕМАЛДЫ

587 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан “Артегінің” бесінші ауысымы “Достық аралындағы кездесу” деген атпен өтті. Рес­пуб­ликалық “Балдәурен” оқу-сауық­тыру орталығының ұжымы бұл жолы су тасқынынан зардап шек­кен Алматы облысындағы 150 оқу­шыға ыстық құшағын айқара ашты. – “Сәлем, “Балдәурен!” деген дәстүрлі шарамен басталған ауысымның әр күні қызықты өтті, – дейді Қызылағаш ауылынан келген Мәлика Тұшпарова. Біз жас ерек­шелігіне қарай үш топқа бөлініп, әртүрлі жарыстарға, мүдде­лер бойын­­ша үйірмелерге, тоғыз тақы­рыпты қамтитын шығарма­шылық байқауларға қатыстық. Менің жаңа достарым Сәуле Кез­декбаева, Бір­лік Нұрсағым, Мәдина Ахмадиева, Жансая Төлекова, Бекжан Қожа­хан­дар өте өнерлі әрі бауырмал бала­лар екен. “Балдәуреннің” базарлығы мен сый-сауғасы мол екендігін жақсы білеміз. Мұнда ешкім назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ, балалардың жүзін жадырату мақсатымен елордамыздағы “Мотив-Астана” ЖШС менеджері Мұрат Салихов сыйлықтарын арқалап келгеніне, Көкшетаудағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің өнерпаздары арнайы концерт бергеніне мың рахмет айтылды. Ақсу аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.Омарованы әңгімеге тартқанымызда, ол балалармен бірге келген педагог-ұйымдас­тыру­шылардың, психологтардың, меди­ци­на қызметкерлерінің де мол әсер­­ге бөленгенін айтты. “Бал­дәу­рен­де” психологиялық және спорт­тық-сауықтыру шаралары жо­ғары деңгейде ұйымда­стырылған. Сая­хаттың өзі бірнеше бағытта жүр­гізілетініне тәнті болдық. Әсіресе, Бурабайдың курортты аймағындағы тәлімдік кездесулер ұмытылмайды. Біз бұл жөнінде Мұхитдин Төлеп­баев ағамыз басқаратын ұжымның атына жолдаған алғыс хатымызда кеңінен жаздық, деді ол. Мемлекеттің, бүкіл халқы­мыздың көмегімен Қызылағаштың еңсесі көз алдымызда көтеріліп, көр­кем елді мекенге айналып келе­ді. Онда балалардың бал күлкісі ешқашан толастамайтыны анық. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.