Қоғам • 19 Сәуір, 2021

Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Столичная дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың 13 сәуірінен бері иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеуден жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр

Оның барысында 100-ге жуық үй тегін дезинсекциялық өңдеуден өтеді.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатысуымен және энтомолог мамандарды тартумен күнделікті негізде уақытша және тұрақты су айдындарында бақылау және мониторинг жүргізіледі. Аталған іс-шаралар масалар мен шіркейлердің санын азайту үшін Нұр-Сұлтан қаласында алдын алу шаралары ретінде жүргізіледі.