Балаға аудандық орталық ауруханада көмек көрсетілді. Медицина қызметкерлері оқиға жайлы полицейлерге хабарлаған. Апатқа кінәліні анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Оған бейнебақылау камераларының көмегі тиді. Келесі күні СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі құқық бұзушыны ұстады. Ол 34 жастағы Аққайың ауданының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабы -«Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы» бойынша хаттама толтырылды. «Жүргізуші қорқып кеткенін және болған жағдайдан не істерін білмегенін айтты. Оның жүргізуші куәлігі алынып, көлігі арнайы тұраққа қойылды. Сонымен қатар, баланың алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», дейді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздеу тобының аға инспекторы, капитан Алексей Морев.
Бұл ЖКО жуырда, күндізгі сағат 14:00 шамасында Қызылжар ауданының аумағында болған. «Петропавл-Жезқазған» автожолы бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінде қызыл түсті «Mercedes-Benz» 10 жастағы мектеп оқушысын соғып кетіп, оқиға орнынан жасырынған.
Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді
Әлем • Бүгін, 14:04
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:27
Үкіметте өндірісті локализациялаудың келешегі талқыланды
Үкімет • Бүгін, 12:30
11-сынып оқушысы мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған
Заң • Бүгін, 12:29
Қазақстан полицейлері футзалдан халықаралық турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 12:23
Қостанай тұрғындары жылусыз қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:23