Қоғам • 20 Сәуір, 2021

Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді

135 рет көрсетілді

Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 сәуірде Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері мүйіз сату саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу кезінде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы ауылдарының бірінде 34 жастағы ер адам басқарған автокөлікті ұстады.

– Бұл көліктің ішінде Жаңаарқа ауданының 34 жастағы тұрғыны және Қарағанды қаласының 28 жастағы екі тұрғыны болды. Тексеру және тергеу әрекеттері барысында полицейлер көлік ішінен 274 киік мүйізі мен түрлі маркалы қаруды тәркіледі, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе туындыларына заңсыз қатынас жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексі 287 бабы (Заңсыз атыс қаруын сақтау) бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар уақытша қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар