«Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды» деп жазылған баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Вдоемстовның ресми мәліметінде көрсетілгендей, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай:
20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасынла 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:
- Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл, 2 рейс
- Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс
- Алматы – Ыстанбұл, 7 рейс
- Алматы – Анталя, 5 рейс
- Түркістан – Ыстанбұл, 2 рейс
- Ақтау – Ыстанбұл, 1 рейс
- Шымкент – Ыстанбұл, 2 рейс.
«Рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады», деп толықтырды баспасөз қызметі.