Атырау қаласының аумағында 2021 жылдың 12-18 сәуір аралығында яғни, бір апта ішінде жасөспірімдердің өздерінің тұрғынжайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына төрт хабарлама тіркелген. Мысалы, 2021 жылдың 18 сәуір күні Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 36 жастағы азаматша хабарласып, Ашхабад көшесінде орналасқан тұрғылықты мекенжайынан 8 жастағы жасөспірім қызы күндізгі сағат 13:30 шамасында шығып кетіп, үйіне оралмағандығы жөнінде хабарлама берген.
Хабарлама бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жасөспірім полиция қызметкерлері түнгі сағат 01:00 шамасында қаладағы көшелердің бірінен тауып, жасөспірімнің өз бетінше көшеге шығып кеткендігін анықтады. Одан басқа, аталған жасөспірімнің ешқандай мектепте білім алмайтындығы белгілі болды. Сол себепті, 8 жастағы жасөспірім Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Әрі қарай аталған жасөспірімнің ата-анасына қатысты іс-құжаттар Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданатын болады.
Өз кезегінде Атырау қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.