Қоғам • 20 Сәуір, 2021

Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін

2050 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Малшылар күні атап өтілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін

Қаулы жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген. «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына сәйкес, Малшылар күні мерекесін маусымның екінші жексенбісі атап өту көзделген. Құжат биылғы жылғы 5 мамырға дейін талқылауға ұсынылған.

«Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды. Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе саяси-құқықтық және өзге де салдарларды болжамайды. Жобаның мақсаты елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу болып табылады», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндірмесінде.