Қоғам • 21 Сәуір, 2021

Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды

968 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда итбалықтың баласы құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына сілтеме жасап.

Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды

Ақтаудағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына 29 наурызда сағат 10.00-де жергілікті тұрғындардан Баутино кентінде теңіз жағасында итбалық табылғаны туралы қоңырау түскен. Тұрғындардың айтуынша, итбалық жағада екі күндей жатып қалған. Бұдан соң аталған орталық мамандары итбалық табылған жерге барып, оған алғашқы ветеринариялық көмек көрсеткен.

«Алғашында итбалықтың жағдайы қиын болды. Ол өте әлсіз әрі қозғалыссыз жатты. Сол күні оны орталыққа жеткіздік. Боздақтың жасы-бір ай, дене салмағы-4,4 келі. Ол бұл жаста 10-12 келі тартуы керек», делінген хабарламада.

Боздақ Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығында екі аптадай болған. Орталыққа түскен кезде әлсіз, салмағы 4,4 келі ғана болса, қазір 7 келіге дейін жеткен.

«Боздақтың тәбеті жақсы, өте епті, ол өз күшімен тағам жей бастады. Эктопаразиттерден тазарту процедурасын өткіздік», делінген хабарламада.