Технология • 21 Сәуір, 2021

«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бизнес қоғамдастықтың бастамасымен 2021 жылдың қаңтарынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша ілкі жобаны жүзеге асыру басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр

«Аталған жобаны кеңейту мақсатында, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес Ақтөбе, Көкшетау, Тараз және Талдықорған қалалары қосылды. 21 сәуірінен бастап бағдарлама фитнес-клубтарда, СПА-салондарда, сауналарда, бассейндерде, боулингтерде, бильярд залдарында, компьютерлік клубтарда, концерт залдарында, қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеп тұр», деді вице-министр.

Жоба облысаралық және қалааралық тұрақты емес туристік тасымалдауға да енгізіліп жатыр.

«5 мамырдан бастап жобаға «жасыл» аймақтағы банкет залдары, сонымен қатар караоке-клубтар қосылатын болады. 26 сәуірден «Ashyq» жобасын республиканың барлық өңірінде тарату жоспарланып отыр. «Ashyq» жобасына «Info-Kazakhstan» сайты арқылы өтінім берген және қызмет түріне сәйкес QR-код алған, әкімдіктердің сайтына орналастырылған, 7 күндік оқудан өткен бизнес өкілдері қатыса алады», деді Ерлан Қиясов.