Аймақтар • 21 Сәуір, 2021

Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың әлеуметтік желілерді қолданушылары қаланың шет аудандарының бірінде тоқтап тұрған «KIA» автокөлігіне тас лақтырып, оқиға орнынан қашып бара жатқан адамды біраздан бері талқылаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді

Көлік иесі өзіне 1 миллион теңгенің шығыны келтірілгенін айтып, полицияға жүгінген.

Полиция бөлімінің жедел уәкілдері әуесқой бейнежазбадан күдіктіні анықтады. Алайда ол тіркелген жеріне келмей, бірнеше күн бойы жасырынып жүрді. Ақыры ол кеше ұсталып, өз кінәсін мойындады. 26 жастағы қала тұрғынына зақым келтірілген көліктің иесі бұрын жұмыс берген екен. Арасындағы кикілжің содан басталған сияқты. «Автокөлікті зақымдау фактісі Қылмыстық кодексінің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.