Қазақстан • 21 Сәуір, 2021

Қайрат Келімбетов тамызда ұлттық жобаларды жүзеге асыру басталатынын айтты

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың тамыз айында мемлекеттік жоспарлау жүйесі аяясында ұлттық жобаларды жүйеге асыру басталады. Бұл жайында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қайрат Келімбетов тамызда ұлттық жобаларды жүзеге асыру басталатынын айтты

«Сәуірде агенттік Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізуді бастады. Сараптама нәтижелері ұлттық жобаларды әзірлеу барысында қандай бағытта жылжуымыз қажеттігі туралы нақты ақпарат береді. Одан кейін мамыр-маусымда ұлттық жобаларды Премьер-Министр, Премьер-Министрдің орынбасарлары, жоба тәлімгерлері және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары деңгейінде талқылау жалғасады», деді Қайрат Келімбетов Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес отырысында.

Сонымен қатар агенттік басшысы жобалар қоғамдастықпен, сарапшылар тобымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқылантындығын да айтты.

«Сәуірден маусымға дейін жобаны әзірлеуші мемлекеттік орғандар шығыстарды негіздеу үшін бюджеттік өтінімдер әзірлеуге кіріседі. Шілдеде ұлттық жобаларды Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің отырысында қарастыру және Президент Жарлығымен ұлттық жобалар тізбесін бекіту жоспарланған. Ал ұлттық жобалардың өзі ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілетін болады», деді ол.

Қайрат Келімбетов тамызда жобаларды жүзеге асыру, ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық жобаларды мониторингілеу кеңсесінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жанындағы Ұлттық сараптамалық орталықтың қатысуымен олардың жүйзеге асырылуын мониторингілеу және бағалау басталатындығын айтты.