27 Сәуір, 2010

САТИРИК АҚЫН АЯГӨЗГЕ КЕЛДІ

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында белгілі сатирик ақын Мыңбай Рәш Аягөзге келіп, “Мен айтпасам кім айтады?” атты кездесуін өткізді. Кездесуге тұрғындар көп жиналды. Мыңбай Рәш аягөз­діктер алдында өлеңдерін оқы­ды, біртуар азаматтар жайлы естеліктер айтты. Кеш соңында аудандық мәде­ниет және тілдерді дамыту бөлімі­нің бастығы, белгілі ақын, өнер жанашыры Ақаш Көксегенов аға­сына ата салтымен шапан жауып, сый-сияпат жасады, шығармашы­лық табыс тіледі. Аудан өнерпаз­дары аға­лары­на арнап ән мен жырдан шашу шашты. Оңдасын ЕЛУБАЙ,Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.