Бұл ретте оқыс оқиғалар салдарынан қаза тапқандардың саны төрттен бірге қысқарды: биыл – 38 адам, ал 2020 жылдың I тоқсанында – 51 адам.
Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (65 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (34 адам), Ақтөбе (29 адам), Қызылорда (22 адам), Қостанай (21 адам), Түркістан (18 адам) және Батыс Қазақстан (17 адам) облыстарында тіркелген.
Бірқатар өңірде I тоқсанда өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккендер саны Ақтөбе облысында 25-тен 29 адамға дейін, Атырау облысында 6-дан 10 адамға дейін, Қызылорда облысында 14-тен 22 адамға дейін және Павлодар облысында 13-тен 15 адамға дейін өсті.
Жазатайым оқиғалар салдарынан қаза болғандар саны 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Ақтөбе (4-тен 7 адамға дейін), Жамбыл (2-ден 4 адамға дейін), Қызылорда (3-тен 6 адамға дейін), Батыс Қазақстан (2-ден 3 адамға дейін) облыстарында көбейді.