Қоғам • 22 Сәуір, 2021

Қайырымдылық ұйымдары іске асырған жұмыстары жайлы есеп беруге міндеттеледі

416 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі. Бұл волонтерлік бастамаларды одан әрі дамытуға ықпал етіп, азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын жандандыруға, волонтерлік мәдениетті одан әрі нығайту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ақпарат вице-министрі Болат Тілепов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қайырымдылық ұйымдары іске асырған жұмыстары жайлы есеп беруге міндеттеледі

Оның мәліметінше, бір жылда еліміздегі волонтерлік ұйымдардың саны 3 есе өсіп, еріктілердің қатары 200 мыңға жеткен.

«Пандемия кезеңінде, төтенше жағдайлар кезінде волонтерлік пен қайырымдылық жасау сияқты қызмет түрлері аса өзекті болып отыр. Бұл ретте азаматтардың бастамалары мен жалпы белсенділігін көтермелеу үшін заңға қайшы келмейтін әртүрлі механизмдер қарастырылған. Президенттің бастамасымен оларға жүйелі қолдау тетіктері енгізілуде. Бұл ең алдымен қолданыстағы заңды жетілдіруге қатысты. Біріншіден, жоғары, арнаулы орта оқу орындарына түсу кезінде, сондай-ақ азаматтық және мемлекеттік қызметке кіру кезінде волонтерлердің, қайырымдылық жасаушылардың құқықтарын кеңейту қарастырылады, яғни белглі бір деңгейде жеңілдіктер жасалады. Сонымен қатар, волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарына мемлекеттік мүлікті жеңілдік арқылы пайдалану мүмкіндігі енгізіледі; зейнеткерлікке шыққан кезде азаматтардың волонтерлік қызмет атқарған уақытын есепке алу көзделеді; корпоративтік волонтерлік, қайырымдылық және электрондық қайырымдылықпен айналысу бойынша нормалар енгізіледі. Яғни, фандрайзинг, краудфандинг платформасы, төлем терминалдары, смс, онлайн-банкинг арқылы қайырымдылық жасау тетіктері пысықталады», деді Б.Тілепов.

Бұдан басқа, қайырымдылық көмектің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қайырымдылық ұйымдардың реестрі жасалып, қайырымдылық ұйымдарын іске асырған жұмыстары туралы есеп беруге міндеттейтін норма енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше