Әлем • 23 Сәуір, 2021

Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай билігі Ұлыбританияның елдегі Шыңжаң-Ұйғыр автомониялық ауданында (ШҰАА) адам құқығының бұзылуына қатысты туындаған айыптарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті

Қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты Ұлыбритания парламенті үкіметті халықаралық құқықты пайданалана отырып, «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуға міндеттеді. Сонымен қатар Қытайдың Ұлыбританиядағы елшілігі парламенттің бұл қадамын айыптап, британдықтарды елдің негізгі мүдделеріне құрметпен қарауға шақырды.

«Британдық депутаттардың Шыңжаңдағы жағдайға қатысты негізсіз айыптаулары шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ аталған үндеуді қытай халқын қорлау деп санаймыз. Сол себепті ішкі саясатқа араласуына қарсымыз», дейді елшіліктің хабарламасында.

Бұған дейін, осыған ұқсас айыптауларды АҚШ және Нидерланды тарапы айтқан еді. Ал тұманды альбион Шыңжаңдағы геноцидті мойындағын екінші ел болып отыр.