Қоғам • 23 Сәуір, 2021

Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады

1452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші Димаш Құдайберген «Be With Me» атты жаңа бейнебаянының аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады

«Жақында «Be with me» атты жаңа бейнебаяным жарыққа шығады. Жарқын эмоциялардың үйлесімі, драйв және басты кейіпкердің батылдығы ерекше формат болғалы тұр. Жаңа оқиға - Жаңа мен! Премьераны өткізіп алмау үшін менің барлық әлеуметтік желілерімдегі жаңалықтарды қадағалаңыздар», деп жазды Д. Құдайберген Instagram парақшасында.

2 сәуірде барлық цифрлық музыкалық платформаларда Димаш алғаш рет «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде орындаған «Be With Me» композициясының студиялық нұсқасы шықты.

Dimashnews сайтының мәліметінше бейнебаянды атақты украиналық клипмейкер Радислав Лукин түсірген.