Спорт • 24 Сәуір, 2021

Санкт-Петербург губернаторының кубогында төрт қандасымыз финалға шықты

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдегі халықаралық турнирде финалға шыққан боксшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санкт-Петербург губернаторының кубогында төрт қандасымыз финалға шықты

Жартылай финалға елімізден жеті боксшы жолдама алған еді. Олардың арасынан төртеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты.

Финалға шыққан төрт боксшының үшеуі ресейлік қарсыластарымен қолғап түйістірді. Атап айтқанда, Махмуд Сабыржан (52 келі) Василий Егоровтан, Әбілхан Аманқұл (75) келі Андрей Ковальчуктен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) Андрей Коменковтен мықты екенін дәлелдеді. Ал, Асланбек Шымбергенов (69 келі) өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровтан айласын асырды.